Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Хабарландыру

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу өтеді

02.11.2022 468 көрілім

2022 жылғы 1-18 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізілуде.
 Кешенді тестілеу 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.

Тіркелу барысында Сіз тестілеудің орнын өзіңіз таңдайсыз.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 22 қарашада емтихан тапсырушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

КТ-ның шекті балдары келесідей:

Ғылыми-педагогикалық магистратура – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).

Бейінді магистратура – 50 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).

Оның ішінде:

Шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық);

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест сұрақтары бойынша – кемінде 7 балл;

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні – кемінде 7 балл (әр пәннен).

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеугеқатысу құны

11 020 теңгені құрайды.