Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
Қажетті құжаттар тізімі:
— университет басқарма төрағасы-ректор атына өтініш;
— жоғары кәсіби білімі туралы 3 тілдегі қосымшасы мен дипломы;
— бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат көшірмесі:
Аталмыш сертификаттардың біреуі болған жағдайда магистратураға түсуші шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсырудан босатылады және оған 50-балдық бағалау шкаласы бойынша ең жоғары балл беріледі.
— кадрлар есебі бойынша іс парағы және еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
— жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, Шетел азаматтарына (төлқұжаттың 2,3 және 5-ші беттерінің көшірмесі);
— 3х4 көлемдегі 6 фотосурет;
— 075-у нысанындағы медициналық анықтама;
— ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі (магистратура үшін ғылыми еңбектері болған жағдайда, докторантура үшін –міндетті түрде);
— ғылыми кеңесшімен келісілген, жоспарланған диссертациялық зерттеу негіздемесі (докторантура үшін);
— кешенді тестілеу тапсыру үшін төлемақысын төлегені туралы түбіртек;
Салыстырып тексеру үшін көшірмелерімен бірге құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. Тексеруден соң түпнұсқалар қайтарылады.
Шетел тілінде ұсынылған құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды шандырылған аудармасы болуы керек.