Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Хабарландыру

Хабарландыру

08.10.2026 15 көрілім

«Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ «Өмір бойы білім алу» жобасының бағдарламаларына оқуға шақырады. Бұл жоба өмір бойы білім алу тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Жобаның негізгі мақсаты – адамдардың шығармашылық және кәсіби қызметін кеңейту. Жоба көп мүмкіндік береді. Тренингтерге, семинарларға, шеберлік сабақтарына қатысушылар әлеуметтік желілерді пайдалануды, телефонда бағдарламалармен жұмыс істеуді, көпшілік алдында сөйлеуді үйренеді, қаржылық сауаттылығын арттырады және салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын меңгереді.

Бағдарламалар тізімі университет сайтында орналастырылған.

Біздің бағдарламаға барлық жастағы жандар шақырылады. Сабақтар 2026 жылдың 6 қазанында басталады. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

БҚО, Орал қ., Жәңгір хан көш., 51

Тел. 8 (7 112) 52 19 62

Цифрлық ақпараттық-білім беру орталығы