Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
ZHANGIR KHAN UNIVERSITY

Мансап және бизнес-серіктестік орталығы

Мансап және бизнес-серіктестік орталығы (әрі қарай — Орталық) ЖОО мен еңбек нарығы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын құрылымдық бөлімше. Орталық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап жұмыс істейді.

Орталықтың миссиясы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлегінің тиімді мансаптық траекториясын жүзеге асыру.

Орталықтың басты мақсаты-Университет түлектерін жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Орталық қызметінің негізгі міндеттері:

— бизнес-құрылымдармен ынтымақтастықты дамыту және жүзеге асыру;

— жұмысқа орналастыру және мансапты қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

— ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

— түлектер және қамқоршылар қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру;

— жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту;

-студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (Бос орындар жәрмеңкесі, жұмыс беруші компаниялардың тұсаукесерлері, қонақ дәрістері және т. б.);

— олардың мансабын қадағалау үшін түлектермен байланыс орнату, қолдау және дамыту;

— компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, жұмысқа қабылдау кезінде түйіндеме жазу және сұхбат алу бойынша тренингтер ұйымдастыру;

— еңбек нарығын талдау және нарықтың даму үрдістері және жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптары туралы ақпаратты талдау.

Мансап және бизнес-серіктестік Орталығының құрамы

  1. Директор — ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Нұрғалиев Ақылбек Мұратұлы
  2. Жетекші сарапшы – экономика ғылымдарының магистрі Жайтлеуова Асель Абзаловна
  3. Маман — Ихсанова Салтанат Нурбековна

Байланыс:

Тел: 8-7112-50-10-09, ішкі 2-24, 1-91.

e-mail: mansaportaligi@mail.ru