Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
ZHANGIR KHAN UNIVERSITY

Комплаенс

Сыбайлас жемқорлық теріс әлеуметтік феномен ретінде қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның күрделі проблемасы болып табылады, оған қарсы күресті күшейтуге мемлекет басшысы «Ұлт жоспарында» ерекше мән береді және оған назар аударады, онда институционалдық реформаларды іске асырудың «100 нақты қадамының» бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасы мәселелерінің өзектілігі белгіленген.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мемлекет пен қоғам үшін сыбайлас жемқорлық туғызатын проблемалар мен қауіп-қатерлердің қаупіне, демократиялық институттардың, этикалық құндылықтар мен әділдіктің бұзылуына алаңдаушылық білдіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында оның қоғамдағы өсуін тежеуге бағытталған белсенділік танытуда.

Корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде сompliance-бақылау «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ университетінің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі саясат пен рәсімдерді сақтауын, сондай-ақ жоғары кәсіби және этикалық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Комплаенс-мәдениет корпоративтік мінез-құлықтың негізгі элементтерінің бірі және университеттің корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, қолданыстағы заңнаманың, сондай-ақ комплаенс саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың бірыңғай қағидаттарын айқындайды.

Сенім телефоны: 87172516118  (09.00-17.00)

E-mail:  сompliance_bqatu@mail.ru

Азаматтарды қабылдау әр сәрсенбі мен жұма күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Құпиялылық пен анонимділікке толық кепілдік беріледі.