СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҒЫ
Мақсаты: Дарынды жастарға қолдау көрсету, студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Даму стратегиясы жоспарының маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Жоғары білім берудің оқу бағдарламалары бойынша жүргізілетін сабақтардан тыс кезде жастардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, әлеуметтік белсенділігін арттыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында университетте студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы қызмет атқарады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
шығармашылық студиялар мен ұжымдардың қызметін ұйымдастыру;
дарынды, қабілетті жастарды анықтап, шығармашылық студияларға тарту;
оқытушылар мен студенттерге университеттің мәдени-көпшілік іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып, облыс, қала көлеміндегі іс-шараларға креативтік, жаңаша тәсілдемелер қолданып, белсене қатысып, университеттің ішкі және сыртқы имиджін нығайту;
жастар арасында ұлттық өнерді насихаттайтын көркемөнерпаздық ұжымдарды қалыптастыру;
шығармашыл студенттерді университеттің қоғамдық өміріне, мәдени-көпшілік іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз етіп, өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру;
университет түлектері – болашақ мамандар дүниетанымы кең, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау;
орындаушылардың мәдени және кәсіби деңгейін шыңдау;
облыстық, қалалық байқауларға қатысуына мүмкіндік жасау;
студенттердің эстетикалық талғамын, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал ететін мәдени, шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру.
Мәдениет және өнер студиясы ОРТАЛЫҒЫНЫҢ жетекші мамандары
Мажитова Айгерім Мәдениет және өнер студиясының жетекшісі +7 775 408 45 74Саргузиева Гульсезим Ұлттық киім қоймасының костюмері +7 771 484 76 70
Қатысушылардың логикалық ойлау және аргументация дағдыларын дамыту
Пікірталас мәдениеті мен мәдениетті сөз сөйлеуді қалыптастыру
Қоғамдық, саяси және әлеуметтік тақырыптарды талқылау арқылы ой-өрісті кеңейту
Жастар арасында сыни ойлауды және ақпаратты сараптау қабілетін арттыру
Командалық жұмыс және ұжымдық шешім қабылдау дағдыларын дамыту
Дебат, тренинг және семинарларға қатысу арқылы тәжірибе жинақтау
Қоғамдық пікірталастар арқылы азаматтық белсенділікті насихаттау
Көрермен мен қатысушылардың мәдени және интеллектуалды деңгейін көтеру
«Достық» клубы
Каблов Жангир Александрович “ДОСТЫҚ” клубының студенттік жетекшісі +7 777 804 20 05
Мақсаты:
Әр ұлттан дарынды студенттерді іріктеп, оларды ұлттық мәдени-қоғамдық іс-шараларға тарту;
Студенттердің отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін арттыру;
Қоғамдағы студенттік өмірге қатысты болып жатқан өзекті мәселелерді талқылап, сараптап, пікір алмасып отыру. Басқа оқу орындарындағы клубтармен байланыс орнату.
Халық бiрлiгiн нығайтуға үлес қосу, дамыту;
Қазақстан халқының ұлттық мәдениетiн, тiлдерi мен дәстүрлерiн өркендету, сақтау және дамыту;
Студенттердің арасында іс-шаралар өткізе отырып, олардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру, өз ойын жеткізе алу, сөйлеу шеберлігін шыңдау;
Студенттің келешекте халыққа қызмет ететін тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын атсалысу.
«STUD LIFE» студенттік медия ұйымы
Амангелдиева Райхан «Stud life» ұйымының студенттік жетекшісі +7 707 715 66 35
Мақсаты:
Студенттік өмір туралы ақпаратты жинау, өңдеу және тарату
Медиа дағдыларын (журналистика, фото, видео, контент жасау) дамыту
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау
Ұжымдық жұмыс және коммуникация дағдыларын жетілдіру
Студенттік іс-шаралар мен жаңалықтарды кең аудиторияға жеткізу
Жастар арасында ақпараттық сауаттылықты арттыру
Онлайн және офлайн медиа платформаларды тиімді пайдалану
Студенттік қоғамдастықты біріктіру және қоғаммен байланыс орнату