Ибыжанова Айжан Джексембаевна
- Кабинет
- 02 - 307
- Қабылдау
- 9.00–17.00
- Телефон
- 8 (7112) 50 21 18 ішкі 2-15
- Эл. пошта
- iaizhan@mail.ru
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
Цифрлық экономика және тұрақты даму институты – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ең көне құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Институттың тарихы 1963 жылы экономика факультетінің ашылуынан бастау алады. Факультеттің алғашқы деканы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент А.А. Конкин (1963–1965) болған. Құрылған жылы «Ауыл шаруашылығын экономикасы және ұйымдастыру» мамандығына 45 студент, ал «Агроэкономика» мамандығына 55 студент қабылданды. 1964 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» бағыты бойынша мамандар даярлау басталды.
2000 жылы «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша алғашқы қабылдау жүзеге асырылды. 2025 жылдан бастап институт құрамына 2004 жылы университетте ашылған «Өнеркәсіптік экология» мамандығы енгізілді. Бұл қадам Цифрлық экономика және тұрақты даму институтының қазіргі заманғы бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең болды. Бүгінде институт экономика, цифрлық технологиялар және тұрақты даму салаларында мамандар даярлауды біріктіретін көпсалалы білім беру орталығына айналды.
Институттың тарихы оның дамуына зор үлес қосқан көптеген басшылардың есімдерімен тығыз байланысты:
Х.К. Кенжегұлов (1965–1969), Р.Х. Мясоутов (1969–1971, 1972–1974), Б.Х. Хаиров (1971–1972), Б.Г. Гумаров (1974–1978), Ш.Б. Ермекқалиев (1978–1988), А.Г. Тастемиров (1988–1990, 1992–1996), Б.Т. Төлебаева (1990–1992), С.И. Мендалиева (1996–1998), А.Ш. Шамгонов (1993–2003), Р. Сатқанова (1998–2000), М.А. Мансурова (2000–2003), И.В. Богдашкина (2003–2005), А.А. Айдаралиева (2005–2007, 2009–2010), А.Д. Ибыжанова (2007–2009), Р.С. Габдуалиева (2010–2015), А.М. Қазамбаева (2015–2020), Ж.К. Ержанова (2020–2024). Қазіргі таңда институтты экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Айжан Джексембаевна Ибыжанова басқарады.
Білім беру бағдарламаларының қалыптасуы мен дамуына кафедра меңгерушілері айтарлықтай үлес қосты:
Х.К. Кенжегұлов, Б.Г. Гумаров, Е.Х. Гиззатов, Н.Н. Солоха, А.М. Воронова, К.Г. Ахметов, Б.К. Жұмашев, Б.Т. Төлебаева, П.В. Ковель, А.Ш. Шамгонов, А.П. Вишневская, Б.Г. Искакова, А.Д. Исмагулов, Н.Д. Вишневский, М.А. Мансурова, С.Ж. Жақсығалиева, Е.Г. Габдрахманов, Р.Г. Сатқанова, Т.Н. Траисова, А.Н. Бурахта, Б.С. Есеналиев, С.Х. Бисенов, А.А. Муфтигалиева, З.Х. Сұлтанова, А.У. Сұлтанов, Н.Н. Пащенко, А.Н. Күшеккалиев, Г.А. Камалова, И.М. Бапиев, Д.О. Жақсыбаев, Т.А. Турғанбаев, А.М. Нұрғалиев, Л.Х. Суханбердина, Е.Е. Аюпов және басқа да көптеген ғалымдар.
Бүгінде институт бай дәстүрлер мен заманауи сын-қатерлерді үйлестіре отырып, көппрофильді ғылыми мектеп ретінде жұмыс істейді. Институтта басым бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі, оқытушылар ұлттық және халықаралық жобаларға белсенді қатысады. Институт түлектері аграрлық, өнеркәсіптік және қайта өңдеу салаларында, IT және банк секторларында, бизнес құрылымдар мен мемлекеттік органдарда, сондай-ақ білім мен ғылым саласында табысты еңбек етуде.
Цифрлық экономика және тұрақты даму институтының миссиясы – жаһандық цифрлық трансформация жағдайында Қазақстан өңірлері мен салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, экономикалық, басқарушылық және цифрлық құзыреттерді біріктіре алатын жаңа буынның бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау.
Институт цифрлық кәсіпкерлікті дамытуға, бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға және қоғамның зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ететін ғылыми-білім беру және инновациялық ортаны қамтамасыз етеді.
Институттың мақсаттары
Ештеңе табылмады
Ештеңе табылмады
Абакова Нуржамал Изимгереевна
Техника ғылымдарының магистрі, оқытушы
Абдешова Альберта Шынболатовна
Aға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі
Абдулова Толкын Гибадатовна
Аға оқытушы
Абуова Жанаргуль Мукамбетжановна
Техника және технология магистрі, аға оқытушы
Айдаралиева Айжамал Алибаевна
Доцент, экономика ғылымдарының кандидаты
Айешева Гульшат Амангельдиевна
Доцент, экономика ғылымдарының кандидаты
Аккереева Эльмира Каршигиевна
Экология магистрі, аға оқытушы
Аманкулова Гулфайрус Максатовна
Техника ғылымдарының магистрі, оқытушы
Ахметжанова Назым Атабековна
Экономика магистрі
Ахметов Рахат Есенгельдиевич
Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
Ахметова Айдана Бакытжановна
оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
Базарова Бақытгүл Темиржановна
Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Баигубенова Сая Кубаидоллиена
аға оқытушы
Бапиев Идеят Мэлсович
Доцент м.а., PhD докторы
Бегеева Мира Кобландиевна
Доцент, экономика ғылымдарының кандидаты
Бекенова Анаргүл Сағындыққызы
Аға оқытушы
Бекенова Сандуғаш Сағындыққызы
Оқытушы, магистр
Булекова Акжбек Ахметовна
Доцент м.а., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Вахитова Айзада Хабержанқызы
Аға оқытушы
Габдуалиева Раушан Смадиновна
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
Газизова Жаннур Каныбековна
магистр экономических наук
Губашева Бибигуль Ерназаровна
Доцент, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Гумарова Айнура Агедиловна
Оқытушы, магистр
Гумарова Жаннар Маратовна
Доцент м.а., PhD доктор
Гумарова Канбиби Утешeвна
PhD докторы, доцент м.а.
Джакупова Асель Канатовна
Экономика магистрі, аға оқытушы
Диярова Лунара Бақытжанқызы
техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Днекешев Азамат Аманжолович
Оқытушы, магистр
Досанова Алия Карамановна
Аға оқытушы
Дусталиева Самира Мейведдиновна
Аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
Душаева Турсынгуль Қанатқызы
Аға оқытушы
Ержанова Жанар Құттықбайқызы
э.ғ.к., доцент м.а.
Есбулатова Алтын Жоламановна
PhD докторы, Техника ғылымдарының кандидаты, доцент м. а
Есенгалиева Салтанат Мутиголлаевна
Экономика бойынша философия докторы (PhD)
Жайтлеуова Асель Абзаловна
Аға оқытушы
Ибыжанова Айжан Джексенбаевна
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Институт директоры
Казамбаева Айгуль Мамаевна
Доцент, экономика ғылымдарының кандидаты
Камалова Гаухар Әбдумүтәліпқызы
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Касымова Акмарал Хамзиевна
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Кенесова Мулдир Мировна
Преподаватель
Копбулсынова Бибигуль Карасыновна
Экономика магистрі, аға оқытушы
Куангалиев Тимур Гайсиевич
Техника ғылымдарының магистрі, оқытушы
Мелекова Асель Талгатовна
Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Нурланов Рахат Бақытжанұлы
Оқытушы
Пащенко Наталья Николаевна
Доцент, экономика ғылымдарының кандидаты
Рахимгалиев Бейбитжан Киланбекович
Аға оқытушы
Рустенова Эльвира Амангелдіқызы
Доцент, экономика ғылымдарының кандидаты
Султанова Менслу Бактибаевна
Доцент м.а., экономика ғылымдарының кандидаты
Сунгаткызы Сандугаш
Экология магистрі, аға оқытушы
Сұлтанов Ақылбек Ұзақбайұлы
Доцент, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Тапалова Асель Айткалиевна
экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Таршилова Людмила Сергеевна
Доцент, экономика ғылымдарының кандидаты
Тюмамбаева Айслу Галиулловна
Аға оқытушы
Хамидуллин Диас Маратович
Оқытушы
Шарафиева Жаухазын Рахметоллиевна
Аға оқытушы, магистр
Ешкім табылмады