Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
Біздің стратегиялық әріптестеріміз
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің (БҚАТУ) стратегиялық даму бағыты әлемнің үздік университеттермен әріптестік орнатуға негізделген. Университеттің әр институттары мен зерттеу орталығы, әлемнің келесі жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықта:
Қазіргі әріптестерге арналған
Қазіргі уақыттағы әріптестерімізбен серпінді қарым-қатынасты дамытуға ұмтыла отырып, біз оларға көптеген мәселелер бойынша ұсынымдар беру арқылы әріптестерімізді қолдауға тырысамыз.
Егер Сіз қажетті ақпаратты таба алмасаңыз, бізге cooperation@wkau.kz бойынша хабарласыңыз.
Алдағы уақыттағы әріптестерге арналған
БҚАТУ-мен ынтымақтастықты бастау кезінде, ресми институтаралық келісім талап етілмейді. Әдетте, ынтымақтастық жекелеген оқытушылар/зерттеушілермен кездесу деңгейінен басталады. Егер сіз ресми институтаралық келісім жасағыңыз келсе, біздің Офис көмектесіп, кеңес бере алады. Университеттік келісімдерге қатысты сұрақтар бойынша, біздің командамызға cooperation@wkau.kz бойынша хабарласыңыз.
Институционалды сапарлар
БҚАТУ мәдени, зерттеу және академиялық байланыстарды дамыту үшін әлемнің түкпір-түкпіріндегі университеттер мен ұйымдардан біздің кампусқа келгісі келетін өкілдер мен делегацияларды қуана қарсы алады. Кездесу үшін біздің командаға хабарласып, қосымша нұсқаулар алыңыз.
Іс-шаралар мен конференциялар
Егер Сіз БҚАТУ-да іс-шара ұйымдастырғыңыз келсе, ректор Асқар Мырзахметұлы Наметов мырзаның атына anametov@mail.ru ресми сауал жіберіңіз.