Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Хабарландыру

КТ-2021 өтініштерді қабылдау 18 маусымнан басталады

16.06.2021 427 көрілім
КТ-2021 өтініштерді қабылдау 18 маусымнан басталады

2021 жылдың 18 маусымынан app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге (КТ) қатысуға тіркеу басталады.

Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) ӨЗІҢІЗ таңдайсыз!

Кешенді тестілеу 2021 жылдың 20 шілдесі мен 10 тамызы аралығында өткізіледі.

Магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 3 блоктан тұрады:

Шет тілі бойынша тест;

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

* Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады.

Кешенді тестілеуге қатысу құны – 8292 теңге.

Кешенді тестілеуге төлем тіркелу кезінде онлайн жасалады.

Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

P.s. Университеттің білім беру бағдарламалары (мамандықтары) туралы толық ақпаратты университет сайтынан оқи аласыздар. Білім беру бағдарламаларын таңдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу  немесе ақылы негізде оқу бойынша сұрақтарыңызды qabylday.bqatu@gmail.com электронды поштасына жолдасаңыз болады. Толығырақ мәлімет алу үшін байланыс телефондары: + 7 7112 50 24 01, 50 21 42, + 7 777 268 00 77, +7 707 681 00 75.