Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
«Ғылым және білім» ғылыми – практикалық журналы – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университетінің мерзімді басылымы. Журналы тоқсан сайын шығарылады, мақалалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Журнал ауылшаруашылық, ветеринариялық, биологиялық, техникалық, экономикалық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жариялайды.
Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігінде– № 6132-Ж. от 15. 06. 2005 жылы тіркелген. — ISSN – 2305-9397 Халықаралық мерзімді баспасөз орталығы. Жинаққа жазылуды «Қазпошта» АҚ (индекс 76316) газет – журнал каталогтарынан алуға болады.
Құрылтайшысы және иесі — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті.
Журналдың функциялық мақсаты: ғылыми қауымдастықтың кең ауқымына, оның ішінде халықаралық деңгейде, ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы ақпарат алмасу, оқырмандарды әлемдегі озық тәжірибелермен таныстыру болып табылады.
Журналдың тақырыптық бағыты. Журнал ауылшаруашылық ветеринариялық, биологиялық, техникалық, экономикалық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жариялайды.
Журналдың шығарылымдық мерзімділігі. Жылына 4 рет, тоқсан сайын, тиражбен кемінде 500 дана шығарылады.