Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Жазғы демалыста еңбек етті

05.08.2021 205 көрілім
Жазғы демалыста еңбек етті

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының биылғы маусымдық жұмысын жандандыруға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті де атсалысуда.

Университет студенттері «Жасыл ел» еңбек жасағына жұмысқа ағымдағы жылдың маусым айынан бастап қабылданды. Жалпы үш лек бойынша еңбекке тартылған жасақтың қазіргі уақытта соңғы кезеңі жұмыс атқаруда.

Оқу орнының «Жастар бастамасын дамыту орталығы» директорының орынбасары Мейрам Оспановтың айтуынша, биылғы еңбек маусымына барлығы 123 студент қамтылған. – «Жасыл ел» жасағы арнайы киім формасымен, тегін жатақханамен қамтылды. Олар жаз айларында университет аумағында көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс-жөндеу жұмыстарын атқарды. Студенттер үш лекпен жұмыс істеді, қазіргі уақытта үшінші кезеңде 43 студент еңбек етуде. Біздің университет жұмыс беруші тарап ретінде бұл студенттерге қосымша 42500 теңге жалақы төлейді. Тағы бір айта кетерлігі, биылғы маусымда оқу орны аумағында «Жәңгір хан атындағы жеміс бағы» пайда болды, – деді Мейрам Маратұлы.

Жалпы биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша 1000-нан астам жас «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар облыс әкімінің бастамасымен 500-ге жуық жас арнайы квотамен құрылыс жасақтарына алынған.