Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Жас ғалымдармен кездесті

30.01.2026 357 көрілім
Жас ғалымдармен кездесті

Жәңгір хан университетіне жұмыс сапарымен келген Бейжің орман шаруашылығы университетінің профессоры Синху Цин жас ғалымдармен кездесті.

Бұл жас ғалымдар – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Қайсар Көшәлиевтің ғылыми мектебінен тәлім алған шәкірттері. Профессор Қайсар Жалитұлының бастамасымен оздырылған кездесу барысында жас ғалымдар Қытай профессорына өздерінің ғылыми бағыттары, зерттеу жұмыстары туралы айтып өтті. Ал қытайлық ғалым өзінің генетика саласы бойынша жұмыстанатынын айтып өтіп, бірнеше бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген БҚАТУ ғалымдарының ізденісіне қызығушылық танытты. Сонымен қатар алдағы уақытта бірлесе жұмыстануға, үлкен жобаларды бірге жүзеге асыруға ниет білдіріп, оларға Бейжің университетінде тағылымдамадан өтуге ұсыныс білдірді.

Жалпы Қытай профессоры Синху Цин бұл жолы Жәңгір хан университеті ғалымдарының киікті қолға үйрету тәжірибесімен танысуға келген еді. Нәтижесінде Жәңгір хан университеті мен Бейжің университеті арасында меморандум жасалып, ғылым жолындағы ізденістерін ұштастыруға да қадам жасалды. Еске сала кетсек, БҚАТУ ғалымдары Қайсар Көшәлиев пен Вадим Ульянов 2025 жылдың қазан айында Бейжің университетінің шақыртуымен арнайы Қытайға барып қайтқан еді.