Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Жәңгір хан университеті халықаралық UNIFUND жобасына қосылды

29.09.2026 23 көрілім
Жәңгір хан университеті халықаралық UNIFUND жобасына қосылды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасы аясындағы Қазақстанның жоғары оқу орындарының мақсатты қорларын (эндаументтерін) дамытуға бағытталған «University Endowment Fund Development in Kazakhstan» (UNIFUND) халықаралық жобасының қатысушысы атанды.

24 қыркүйекте университет тарапынан гранттық келісімге қол қойылды. Жобаның үйлестірушісі (грант иегері) – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Жобаның еуропалық серіктестері – Турин политехникалық университеті (Италия) және Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария). Сонымен қатар жобаға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қатысады.

Жәңгір хан университетінің UNIFUND жобасына қатысуы қазақстандық және еуропалық университеттермен тәжірибе алмасуға, мақсатты қорларды қалыптастыру және басқарудың заманауи тәсілдерін зерделеуге, сондай-ақ Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде эндаументтерді дамыту бойынша практикалық ұсынымдар мен тетіктерді әзірлеуге қатысуға мүмкіндік береді.