Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Зейнеткерлік демалысқа шықты

03.03.2026 709 көрілім
Зейнеткерлік демалысқа шықты

Жәңгір хан университетінің ұжымы «Парасат» ақпараттық білім беру орталығының директоры Айгүл Есенаманованы зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Салтанатты жиынға басқарма басшылығы, институттар мен құрылымдық бөлімдердің басшылары, оқытушылар және шақырулы қонақтар қатысты. Алдымен сөз алған басқарма төрағасы-ректордың орынбасарлары Әлжан Шәмшідін мен Ақылбек Сұлтанов оқу орнының ғылыми кітапханасын дамытуға сүбелі үлесін қосқан А.Есенаманованы ең бірінші кезекте жанашыр маман ретінде танитындарын жеткізді. Сонымен қатар басқарма төрағасы-ректор А.Наметовтің құттықтау хатын табыстады.

Кеш барысында сөз алған өзге де әріптестері ізгі тілектерін арнап, мерейтой иесіне кітапхана ісі саласына сіңірген ұзақ жылғы еңбегінің зейнетін көруге тілектестік білдірді. Ал Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана директоры Шолпан Уразаева Жәңгір хан университеті кітапханасының жетістіктеріне тоқталса, М.Өтемісов атындағы БҚУ ғылыми кітапханасының директоры Тоты Әлімбекерова Айгүл Есенаманованың жемісті еңбек жолы туралы әңгіме өрбітті.