Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Ынтымақтастықты нығайтқан кездесу

17.06.2021 228 көрілім
Ынтымақтастықты нығайтқан кездесу

16 маусымда университетке «Конденсат» АҚ басшылығының өкілдері – бас инженер Р.К.Аминов, өңдеу цехының бастығы С.Х.Қожантаев, бас энергетик Э.Ж.Орашай, кадр қызметінің басшысы М.А.Құдайбергенова  келіп кетті.

Бұл сапардың алдында 10 маусым күні Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор А.М.Наметов, индустриалды-технологиялық институттың директоры С.А.Монтаев, Электротехника және автоматика жоғары мектебінің басшысы Д.А.Джапарова «Конденсат» АҚ басшылығымен кездескен болатын.

Университетті аралау барысында компания өкілдері базасында «Мұнай-газ ісі», «Электр энергетика», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Машина жасау», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру» мамандықтары бойынша кадрлар даярлау кезінде қолданылатын «Индустриалдық-технологиялық» және «Политехникалық» институттардың зертханаларымен және мамандандырылған аудиторияларымен танысты. Сондай-ақ, «Мұнай-газ ісі», «Электр энергетикасы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Аспап жасау» мамандықтарын бітіретін студенттермен кездесіп, «Конденсат» компаниясына жұмысқа орналасу мүмкіндігі аясында олармен әңгімелесу жүргізді.