Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

XXV Халықаралық конференция өтті

10.04.2025 286 көрілім
XXV Халықаралық конференция өтті

Бүгін Жәңгір хан университетінде Ғылым айлығы аясында «Ғылым, зерттеулер, білім: даму тенденциялары» атты XXV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  

Конференцияға университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, профессор-оқытушылар құрамы, шетелдік ғалымдар және республика бойынша түрлі шаруашылық саласының кәсіби мамандары қатысты. Пленарлық жиында алдымен сөз алған университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов шетелдік ғалымдарға ризашылығын білдіріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Бұдан әрі қазақ жылқыларын зерттеп жүрген ҚХР-дағы Тарим университетінің профессоры Ғұмынгүл Мухатай, қой шаруашылығын дамыту жайлы ғылыми тұжырымдарымен бөліскен К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры Юсупжан Юлдашпаев, сондай-ақ Египет, Татарстан, Өзбекстан елдерінің ғалымдары өздерінің ғылыми зерттеулерімен бөлісті.

Түстен кейінгі секциялық отырыстар «Ауыл шаруашылығы ғылымдары»,

«Ветеринария және мал шаруашылығы», «Техникалық ғылымдар», «Экономикалық ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша жалғасты.