Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Университеттердің әлемдік рейтингі QS: Азия — 2025 жарияланды

11.11.2024 848 көрілім
Университеттердің әлемдік рейтингі QS: Азия — 2025 жарияланды

2025 жылғы QS Asia University Rankings рейтингіне Азияның 25 елінен (Қытай, Үндістан, Жапония, Тайвань, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Орталық Азия және т.б.) 984 университет кірді.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ QS Asia рейтингіне қатысып, 521-540 орынды иеленді. Сондай-ақ «QS Asia University Rankings 2025: Central Asia» рейтингінде              32-орында (https://www.topuniversities.com/asia-university-rankings).

Рейтинг жасау үшін пайдаланылған негізгі көрсеткіштерге академиялық және жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, бір оқытушыға шаққандағы жарияланымдар саны кіреді. Сонымен қатар рейтинг құрастырушылар ЖОО-ның дәйексөздер санын, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттердің үлесін, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесін, халықаралық ғылыми байланыстарды назарға алады.