Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Теория мен практиканы ұштастыру

14.10.2020 322 көрілім
Теория мен практиканы ұштастыру

Білім беру үрдісін практикамен байланыстыра отырып, жоғары білікті мамандар даярлау  бүгінгі күннің талабы. Жалпы болашақ маман үшін тәжірибенің маңызы зор. Практикалық сабақтарды өндіріс базасында ұйымдастыруды  «Ақпараттық технологиялар»  жоғары мектебі жақсы үрдіске айналдырып келеді. Қазіргі таңда «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушылары «Компьютерлік жүйелерінің сәулеті» пәні бойынша практикаға бағытталған сабақты «Техникалық және бағдарламалық қамтамасыздандыру» бөлімінде жоспарланған кестеге сай теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдауға мүмкіндіктері бар.

14.10.2020ж. күні бекітілген кестеге сай «Техникалық және бағдарламалық қамтамасыздандыру» бөлімінде практикаға бағытталған сабақ өтті. Компьютерді жаңарту мақсатында студенттерге компьютерді бөлшектеу және құрастыру тапсырмалары берілген болатын. Студенттер өздеріне берілген тапсырманы ойдағыдай аяқтап, компьютер құрылғыларын жаңартты.