Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Тәжірибеге бағытталған сабақ

07.10.2021 247 көрілім
Тәжірибеге бағытталған сабақ

5 қазан күні «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің ТПР-43 топ студенттері «Макарон өндірісінің технологиясы»,  «Өңдеу өндірістерінің арнайы технологиясы» пәндерінен тәжірибеге бағытталған сабақтары(ПБС) АӨК «Аққайнар» АҚ өткізілді.

Диірмен басшысы Н.Т. Губашев жалпы өндіріс құрылымымен таныстырып, диірмен технологы Н.М.Ильяс диірмендегі астықты тазалау және ұн тарту бөлімдерінің басқару пультінің жұмыс жасау принципін, технологиялық процестерді түсіндірді және  жабдықтардың жұмыс жасау принципін қадағалау үшін студенттерге әрбір қабатты аралатып көрсетті.

Сонымен қатар, макарон өндірісі цехінің басшысы Н.С.Самигуллаев макарон өнімін өндіретін «Pavan» линиясының жұмыс жасау принципін көрсетіп,  шикізат қабылдаудан бастап дайын өнім алынғанға дейінгі технологиялық процестерді айтып өтіп, макарон өнімінің сапасын бағалайтын зертхана жұмысын студенттерге таныстырды.

Сабақты жоғары мектептің аға оқытушысы, PhD доктор Г.А.Умирзакова жүргізді.