Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

«Тәуелсіздік — мемлекет тұрақтылығының кепілі»

09.12.2021 265 көрілім
«Тәуелсіздік — мемлекет тұрақтылығының кепілі»

3 желтоқсанда «Мұнай, газ және химиялық инженерия»  жоғары мектебінің оқытушыларының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік — мемлекет тұрақтылығының кепілі» тақырыбында жоғары мектеп 1-4 курс білім алушыларымен мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Индустриалды-технологиялық институты директорының орынбасары А.Ф. Уразова, жоғары мектеп жетекшісі Б.Е. Хамзина  сөз сөйлеп,  Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ұйымдастырушы  оқытушылар мен белсенді білім алушыларға алғыстарын білдірді.

Мерекеге орай «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты жар газетінен білім алушылар топтары арасында сайыс ұйымдастырылды. Іс шара барысында қазылар алқасының шешімімен әр топ мақтау қағазымен марапатталды.

Концерттік бағдарлама аясында Желтоқсан туралы көріністер қойылып, әндер шырқалды.