Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Тарихи-танымдық шара

22.10.2025 236 көрілім
Тарихи-танымдық шара

Бүгін Жәңгір хан университетінде 25 қазан – Республика күніне орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты тарихи-танымдық дөңгелек үстел өтті.

Шараға тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Егемендік декларациясы — Қазақстан мемлекеттілігінің негізі» атты баяндама жасаған Гуманитарлық және спорттық пәндерді оқыту орталығының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Мақсот Жанғожиев биыл Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл болғанын атап өтті. Ал оқытушы, докторант Мұхтар Сүлейменов тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді саралады.

Тарихи-танымдық шараның  мақсаты – жастардың ұлттық сана-сезімін ояту, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру және тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолындағы маңызды оқиғаларды талқылау арқылы азаматтық ұстанымдарын нығайту болды.