Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс өтті

07.10.2021 251 көрілім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс өтті

Жәңгір хан университеті және «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық бұзушылыққа төзбеушілік бағытындағы «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты көпшілік дәріс өткізілді.

Жиынға ҚР қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің қызметкері Ринат Мұратов  және Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов қатысты. Ринат Ғаниматұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қандай мәселелерге басымдық бергенін атап өтті. Сонымен қатар,  жемқорлықтың  зардаптарын түсіндіріп, жастарды пара беру мен алудан аулақ болуға шақырды.  Ал, Мынатаубиік Тауфихұлы студенттерге тәлімді тағылымын айтып, қай кезде де адамгершілік қалыптарын жоғалтпау қажеттігін түсіндірді.

Көпшілік дәріс  барысында студенттер назарына “Адалдық алаңы” атты бейнеролик ұсынылды.