Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Студенттік театр ашылды

16.05.2024 341 көрілім
Студенттік театр ашылды

Жәңгір хан университетінде «Ұшқын» студенттік театры өз жұмысын бастады.

Білім ордасындағы «Мәдениет және өнер» студиясының бастамасымен ашылған студенттік театр өзінің алғашқы премьерасымен университет сахнасына шықты. «Алғашқы махаббат» атты шағын қойылымның режиссері – Руслан Кенесарин.

Премьераны Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының белді актерлары Самал Әбуов пен Эльмира Мақашева, Орал қалалық Жастар мәдениет сарайының әдіскері Мергүл Джакупова, «Атамекен» өнер ордасының концерттік режиссеры Еркін Қали университет оқытушыларымен, қызметкерлерімен, білім алушыларымен бірге тамашалады.

Қойылым соңында университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов пен кеш қонақтары сөз алып, жас театр ұжымына сәттілік тіледі.