Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Студенттерге үлкен мүмкіндік

24.02.2022 234 көрілім
Студенттерге үлкен мүмкіндік

Өткен аптада Индустриалды-технологиялық институттың «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінде «NOVATEQ-GROUP» ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

«Novateq Group» – мұнай-газ секторындағы жетекші қазақстандық сервистік компания. Олар өз клиенттерімен тығыз жұмыс істеп, операциялық мақсаттарға жету үшін шешімдер ұсынады. Компания қарқынды дамып, жаңа нарықтарға, тұтынушылардың сенімі мен мойындауына ие болуда.

«Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебі ұйымдастырған кездесу барысында қонақтар компанияның жобалары туралы айтып берді. Бизнесті дамыту жөніндегі менеджер Әсет Базарбайұлы «NOVATEQ-GROUP» ЖШС компаниясы туралы презентация ұсынып, өз баяндамасында Компания стратегиясының негізгі қағидаттары, оның технологиялық әлеуеті және өндірісті дамыту ерекшеліктері туралы мәліметтер берді. «NOVATEQ-GROUP» ЖШС директоры Сағи Ибрагимұлы студенттерге жобаның кезеңдері, жүзеге асыру ерекшеліктері және инновациялық технологиялық шешімдері туралы баяндады. Кездесуге сонымен қатар TRS инженері Мұратбек Нұрмұхамбетұлы мен HR менеджері Саяш Хасанқызы қатысты.

Студенттер университетті ойдағыдай бітіріп, ағылшын тілін меңгерген жағдайда компанияға жұмысқа орналасуға және ірі жобаларды жүзеге асыруға қатынасуға мүмкіндіктері болады.