Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Студенттер еңбек маусымын тәмамдайды

19.08.2022 157 көрілім
Студенттер еңбек маусымын тәмамдайды

«Жасыл ел және құрылыс еңбек жасағының» биылғы маусымы бітуге таяу.  Қазіргі уақытта аталмыш маусымның үшінші легі бойынша студенттік құрылыс жасағының студенттері өз жұмыстарын жалғастыруда. Олар университет ғимараттарының жөндеу жұмыстарына атсалысуда.

Жалпы 1 тамызда бастау алған маусым аясында алғашқы легінде – 42, екінші легінде – 37, ал соңғы кезеңінде 43 білім алушы жұмыспен қамтылды.

Жазғы демалыс уақытында жастарды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған бұл игі іс – білім алушылар үшін әрі тәжірибе, әрі табыс табу көзі,- дейді университеттегі «Жастар бастамасын дамыту орталығы» директорының орынбасары Мейрам Оспанов.

«Жасыл ел және құрылыс еңбек жасағының» биылғы маусымы 31 тамызда толықтай аяқталады.