Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Ректор оқытушылар құрамымен кездесті

20.08.2021 220 көрілім
Ректор оқытушылар құрамымен кездесті

Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов институттардың профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесу барысында Асқар Мырзахметұлы ұстаздарды жаңа оқу жылының жаңалықтарынан, бірқатар өзгерістерден хабардар етіп, ғылымға бет бұру мәселесіне басымдық берді.

Биылғы жаңа оқу жылын жоғары оқу орны дәстүрлі оқыту форматында бастағалы отыр. Алдағы 26 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында 1-курс студенттерімен ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетін болады. 6 қыркүйекте 1-курс білім алушыларына оқу процесі басталады деп жоспарлануда. Ал екінші және одан жоғары курстарға сабақ 1 қыркүйекте басталады.

Білім ордасының басшысы жоғары мектеп жетекшілеріне мемлекеттік грант иеленген студенттермен байланысқа шығуды тапсырды. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы екпе салдыртқан және екпеге қарсы көрсетілімі бар, немесе ПТР-тесттің теріс нәтижесі анықталған оқытушыларға студенттермен жұмыстануға еш кедергі жоқ екені айтылды. Алайда медициналық анықтамада мерзімі көрсетілуі керек және ПТР-тест ресми тіркелген медициналық мекеме арқылы жасалуы тиіс. Жалған құжат жасатуға жол бермеу қажеттігі ескертілді.