Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Пәндік олимпиада өтті

03.11.2025 258 көрілім
Пәндік олимпиада өтті

Жәңгір хан университетінің Политехникалық институтында 10-29 қазан аралығында студенттер арасында пәндік олимпиада өткізілді.

Білім сайысының – студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Байқауға «6В08700 – Аграрлық техника және технологиялар», «6В07105 – Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы», «6В11300 – Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «6В11200 – Өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі», «6В07101 – Электрмен жабдықтау», «6В07104 – Мехатроника», «6В07103 – Машина жасау», «6В07500 – Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламалары бойынша студенттер қатысты.

Олимпиада барысында білім алушылар өздерінің кәсіби дағдыларын, пәндік білімдерін және инженерлік ойлау қабілеттерін көрсетті. Үздік нәтижелер көрсеткен қатысушылар университеттің грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды. Іс-шара студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттырып, болашақ мамандардың кәсіби дамуына серпін берді.