Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Музей сағаты өтті

30.01.2026 353 көрілім
Музей сағаты өтті

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде Қазақстанның халық әртісі, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, дарынды сазгер, дүлдүл домбырашы Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына орай «Күмбірлеген домбыраның сазды үні» атты танымдық музей сағаты өтті.

Шара Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы сомдаған дәулескер күйшілер, ұстаз бен шәкірт Құрманғазы мен Дина туралы шағын қойылыммен басталды. Кеш барысында сөз алған Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Нұржан Дүзбатыров және тарихшы ұстаз Бағдагүл Сисенова шараның маңыздылығына тоқталып, қазақ өнерінде күйші Динаның алатын орны жоғары екенін атап өтті.

Бұдан әрі Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 ЖОББ мектебінің оқушылары, тарихи-өлкетану бағытындағы үйірме мүшелері, Қарақат мектебінің өнерпаздары өнер көрсетті. Шараға қатысушылар күмбірлеген күй тыңдап, ерекше әсерге бөленді.