Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Марияның қоржынында – қос жүлде

03.10.2023 250 көрілім
Марияның қоржынында – қос жүлде

Жәңгір хан университетінің 2-курс студенті Мария Бровкова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс және қола медальдарды қоржынына салды.

Ел құрамасымен бірге дүбірлі додаға аттанған спортшы жерлесіміз Азия ойындарындағы жарысын жүлделі орынмен бастады. Ол 500 метр қашықтыққа жұптасып каноэ есуде күміс жүлдеге ие болды. Бұл жарыста Марияның жарыс жолындағы жұбы – Руфина Искакова.

Бұл жаңалықтың соңынан тағы бір ақжолтай хабар жетті. Мария Бровкова бір адамдық каноэда 200 метр қашықтықта мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Азия ойындарында ел намысын қорғаған Марияны жүлделерімен құттықтаймыз!