Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

«IT Group Kazakhstan-да» тәжірибеге бағытталған сабақ

13.10.2021 238 көрілім
«IT Group Kazakhstan-да» тәжірибеге бағытталған сабақ

Тәжірибеге бағытталған сабақтар мен кәсіби дағдыларды қалыптастыру аясында 2021 жылдың 5 қазанында ИС-32 тобының студенттері оқытушымен бірге веб-қосымшаларды әзірлейтін «IT Group Kazakhstan» ЖШС кәсіпорнында болды.

Компанияның атқарушы директоры Жазира Махасқызы мекеме бойынша экскурсия жүргізіп, веб-қосымшаны құру жұмысының қалай жүргізілетінін көрсетіп, сала мамандарымен, болашақта жұмысқа орналасушыларға арналған арнайы жеке бөліммен таныстырды.

Содан кейін студенттерге «PHP бағдарламалау тілінде веб-қосымшаны жасау» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылып, оны Украинадан шетелдік бағдарламашы бейнеконференция арқылы өткізді. Студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, оларға толық жауап алды.

Кездесу нәтижелі болды, сабақ барысында студенттер біліммен қоса ақпараттық технологиялар саласында кәсіби бағытта дамуына ынталандырылды.