Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Халықаралық дәрежедегі мамандардың еңбектерімен танысты

13.09.2024 572 көрілім
Халықаралық дәрежедегі мамандардың еңбектерімен танысты

Жәңгір хан университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Әділжан Қыдрашов АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясындағы ғылыми тағылымдама 2023 жылдың қараша айы мен 2024 жылдың тамыз айы аралығында өтті. Әділжан Бекежанұлының зерттеу тақырыбы: «АҚШ пен Қазақстандағы академиялық көшбасшыларды салыстырмалы бағалау». Ғалым-ұстаз Ә.Қыдрашов екі елдегі жоғары білімді басқару бойынша зерттеу жұмыстарын ғылыми жетекшісі – профессор, PhD докторы Хомаюн Хамушидің басшылығымен жүргізді.

Ғылыми тағылымдама барысында Әділжан Бекежанұлы Brookings, CATO институттарының ұйымдастыруымен өткен конференцияларға қатысты. Халықаралық дәрежедегі мамандардың еңбектерімен, АҚШ-тың үлкен базасы бар кітапханаларындағы шетелдік ғылыми жұмыстармен танысты.