Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Ғылыми жобалары оң бағаланды

27.12.2024 763 көрілім
Ғылыми жобалары оң бағаланды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Солтүстік және Орталық Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған ғылыми-технологиялық хакатон өткізді. Шараға ғалымдар, сарапшылар, бизнес өкілдері, сондай-ақ Германия мен Қытай елдерінен халықаралық серіктестер қатысты.

Бұл шараға Жәңгір хан университетінің өкілдері де белсенді түрде қатысты. Айталық, техника ғылымдарының кандидаты Марат Оңаев жайылымдық аумақтарды сумен жабдықтау мәселесін шешуге бағытталған «Сусыз жайылымдық жерлерді суландыруға арналған модульдік контур» тақырыбында баяндама жасады. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Еркінғали Батырғалиев мал азығының сапасын жақсартуға және малдағы паразиттік аурулардың деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін «Паразиттерге қарсы қасиеттері бар құрама жем өндіру» технологиясын жасау туралы ғылыми зерттеулерімен бөлісті. Экономика ғылымдарының кандидаты Айгүл Казамбаева егістіктен – ауыл шаруашылығы дақылдарының экспортына дейінгі процестерді қамтитын «Өсімдік шаруашылығы саласында бірыңғай ауыл шаруашылығы цифрлық платформасын әзірлеу» жобасын ұсынды.  

Бизнес сарапшылары дауыс беру арқылы таңдаған үш жобаның ішінде ауыл шаруашылығы аумақтарын сумен жабдықтау проблемаларын зерттеуге бағытталған Марат Қайырлыұлының әріптестерімен бірге дайындаған жобасы да болды. Еркінғали Азаматұлының паразиттерге қарсы қасиеттері бар құрама жем өндіру жөніндегі жобасы да бизнес өкілдері тарапынан жоғары бағаланып, оң пікірлер айтылды.