Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Ғылым айлығы басталды

11.04.2024 297 көрілім
Ғылым айлығы басталды

Жәңгір хан университетінде «Ғылым айлығы — 2024» іс-шарасы басталды.

Осы айлық аясында Агротехнологиялық институтта «Өсімдіктерді қорғау және карантин саласы: қазіргісі және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Өсімдік қорғау және карантин», «Агрономия» мамандықтарының білім алушылары қатысқан шараны PhD, доцент м.а.  Лайла Қалиева ұйымдастырды. Дөңгелек үстелді ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Әлжан Шәмшідін ашты. Дөңгелек үстелде өсімдік шаруашылығы саласының жай-күйіне, проблемаларына және келешегіне қатысты мәселелер талқыланды.

Алдымен сөз алған Л.Калиева өсімдіктерді қорғаудың маңызы мен рөліне шолу жасады. ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының бас маманы М.Темиралиев өңіріміздегі фитосанитарлық жағдай туралы мәлімет берсе, қалалық аумақтық инспекция басшысы А.Талапова өсімдік карантині саласында карантиндік зиянды ағза түрлерін анықтауда  жүргізілетін іс-шаралар мен өсімдіктерді қорғаудың интеграцияланған жүйелері туралы баяндады.

Агротехнологиялық институтының профессоры, а.ш.ғ.д., ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Б.Нәсиев пен а.ш.ғ.к., доцент М.Габдулов өсімдіктерді интеграциялық қорғау агробиоценоздағы зиянды объектілермен күресудің жоғары тиімді жүйесі болып табылатынын, болашақта ауыл шаруашылығы дақылдарының кепілдендірілген өнімі мен өнім сапасын қамтамасыз ететінін айтты. Проректор Әлжан Смайылұлының айтуынша,  өсімдіктерді қорғаудың мұндай жүйесін одан әрі жетілдіру әрдайым өнімді қорғаудан агроценоздардың фитосанитарлық жағдайын реттеуге көшумен байланысты.