Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Ғалыммен кездесу

17.02.2026 193 көрілім
Ғалыммен кездесу

Жәңгір хан университетінде ғалым-ұстаз Дина Мендалиевамен кездесу өтті.

Индустриалды-технологиялық институтында өткізілген шара «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламаларының «Химик» ғылыми үйірмесінің жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды. Оған университет оқытушылары мен студенттері және әр жылғы түлектер қатысты. Алдымен бүгінде 80 жастың сеңгіріне шыққан химия ғылымдарының докторы, профессор Дина Мендалиеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық қызметі және өнегелі еңбек жолы таныстырылды. Құттықтау сөз алған Индустриалды-технологиялық институтының директоры Асқар Бакушев мерейтой иесін құттықтап, университеттің басқарма төрағасы-ректор А.Наметовтың құттықтау хатын табыстады. Бұдан әрі шақырылған қонақтар сөз алып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Д.Мендалиева Жәңгір хан университетінде «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламасын ашуға ұйытқы болып, білікті кадрлар даярлау ісіне атсалысқан. Жиын барысында ғалымның ғылым саласына қосқан үлесі, зерттеу бағыттары, кәсіби жетістіктері және шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі туралы айтылды.

Кездесудің мақсаты – білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, ғылым жолындағы табандылық пен еңбекқорлықтың маңызын насихаттау болды. Өз кезегінде ғалым кездесуді ұйымдастырған Индустриалды-технологиялық институт ұжымына алғысын білдірді.