Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Екіжақты пайдалы меморандум

05.09.2025 479 көрілім
Екіжақты пайдалы меморандум

Жәңгір хан университетінің басқармасы төрағасы-ректор Асқар Наметов пен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының БҚО бойынша департаменті басшысы Болат Мешелов әлеуметтік серіктестік орнату бағытында екіжақты меморандумға қол қойды.

Алдымен сөз алған университет басшысы А.Наметов бұл серіктестік сапалы мамандардың қатарын көбейтуге, ел игілігі үшін қызмет жасауға, заман талабына сай жаңа бағытта жұмыстануға септігін тигізетінін айтты. Өз кезегінде облыстық статистика департаментінің басшысы Б.Мешелов БҚАТУ-мен бұған дейін де тығыз байланыста жұмыс жасағандарын жасырмады. Енді меморандум шеңберінде бұл байланыстың одан әрі күшейе түсеріне сенім білдірді.

Осылайша, жоғары басшылықтың тапсырмасымен жоғары және арнаулы орта білім орындарымен өзара меморандум жасасу жөніндегі іс-шараларды жергілікті департамент Жәңгір хан университетінен бастады. Белгілі болғанындай, БҚО статистика департаментінде қызмет атқаратын 100-ден астам мемлекеттік қызметшінің 40 шақтысы – біздің университетіміздің түлектері.