Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Дөңгелек үстел: Асыл тұқымды мал шаруашылығына қатысты мәселелер талқыланды

28.04.2025 391 көрілім
Дөңгелек үстел: Асыл тұқымды мал шаруашылығына қатысты мәселелер талқыланды

Бүгін Жәңгір хан университетінің ғылым жөніндегі проректоры Әлжан Шәмшідін Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның ұйымдастыруымен өткен «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы еуразиялық құзыреттілік орталықтарын қалыптастыру» атты дөңгелек үстелге қатысты. Бұл шарада Әлжан Смайылұлы «Селекциялық-технологиялық және молекулалық-генетикалық әдістер арқылы сүтті тұқымды ірі қара малдың генетикалық ресурстарын басқару, сақтау және ұтымды пайдалану» тақырыбында баяндама оқыды.
Жиында геномдық талдау негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын болжау технологиясын енгізу мақсатында мемлекетаралық өзара іс-қимыл тетіктерін оңтайландыру; еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі мемлекетаралық өзара іс-қимылдың қағидатты моделі бойынша ірі қара малдың геномдық селекциясын жүргізу кезінде селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты басқару тұжырымдамасы; асыл тұқымды мал шаруашылығындағы әлеуетті инфрақұрылымдық, логистикалық және әдіснамалық жобалар; ауыл шаруашылығы жануарларымен жүргізілетін селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды талдау, ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдары мен генетикалық зертханалар мамандарының біліктілігін арттыру үшін Еуразиялық құзыреттілік орталықтарын құру мәселелері талқыланды.