Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Директорлар кеңесінде — жаңа төрайым

09.08.2021 254 көрілім
Директорлар кеңесінде — жаңа төрайым

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Директорлар кеңесінің төрайымы болып Сергазина Әсел Кәкімқызы сайланды.Соған орай бүгін жаңа төрайымды университет инфрақұрылымымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Университет ректоры Наметов Асқар Мырзахметұлы бастаған топ таныстыруды «Аква мәдениет» зертханасынан бастады. Мейманға ихтиология және балықты жасанды өсіріп көбейту жұмыстары түсіндірілді. Сондай-ақ «Жәрдем-Вет» ғылыми-өндірістік, «BIOTECH» инновациялық ғылыми-өндірістік орталығының жұмысы таныстырылды.  Бұдан әрі жаңа төрайымға коллекциялық бақ, әскери кафедра, ғылыми зертханалар таныстырылды. Биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми-зерттеу институтында сынақ технологиялық зертханасының жұмысы көрсетілді. Оған қоса, жұмысшы топ университеттің студенттерге қызмет көрсету орталығында, университет кітапханасында, «Жәңгір хан» спорт клубында, халықаралық бөлімде, Жәңгір хан атындағы музейде болды.

Ал, таныстыру жұмыстары аяқталған соң, Әсел Кәкімқызы директорлар кеңесінің жиналысына қатыспақшы.