Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Бор тауына геологиялық экскурсия

01.06.2022 277 көрілім
Бор тауына геологиялық экскурсия

«Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушылары  «Жалпы және тарихи геология» пәнінен сабақта алған теориялық білімдерін бекіту мақсатында бор өңдейтін ашық карьерге («Бор таулары») геологиялық танысу экскурсиясын жүргізді. «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғары мектебінің оқытушылары Роза Джусупкалиева және Алтынай Купешованың жетекшілігімен өткен танысу жұмысында студенттер кен орындарын ашық әдіспен өндіру жүйесімен, борды іріктеу және шығару реттілігімен және зауыттың пайдаланатын жабдықтарымен (экскаваторлар, агрегаттар және т.б.) танысты.  Сонымен қатар, білім алушылар бор дәуірінен жойылған теңіз жануарларының қалдықтарын, сол кезеңдегі белемниттер мен молюскалардың қалдықтарын және ежелгі Каспийдің жылы теңіздерінде өмір сүрген теңіз кірпілерінің қалдықтарын тауып, геологиялық балғамен жұмыс істеуді үйренді. Болашақ геологтар оқытушыларымен бірге бор тау жыныстарының тарихи қалдықтарын іздеп тауып, ажыратып, органикалық заттардың қалдықтарының қалай сақталатынын үлкен қызығушылықпен тамашалады.