Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

БҚАТУ ғалымы Анкарада өткен халықаралық сүт жәрмеңкесіне қатысты

31.05.2024 530 көрілім
БҚАТУ ғалымы Анкарада өткен халықаралық сүт жәрмеңкесіне қатысты

Университеттің бизнес-инкубаторында акселерациялық бағдарламадан өткен Жәңгір хан университетінің ғалымы, Агротехнологиялық институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Аян Жарылқасынұлы Оразов осы халықаралық жәрмеңкенің жұмысына «Technology for production of innovative dairy and fermented milk products from camel milk» (Түйе сүтінен инновациялық сүт және ашытылған сүт өнімдерін өндіру технологиясы) баяндамасымен қатысты.

Аян Оразовтың айтуынша, сүт олимпиадасының қатысушылары, сүт өндіру және өңдеу саласындағы жетекші әлемдік сарапшылар, әлемдік сүт индустриясының көшбасшылары, технологиялық алыптар мен көрнекті ғалымдар, технологтар мен экономистер әлемдік сүт саласының трансформациясы, болашақ сүт фермалары мен зауыттарының пайда болуы, жақын арада енгізілетін болашақ сүт өнімдері мен технологиялары туралы сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Университеттің Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубация кеңсесінің басшысы, доцент, э. ғ. к. Гүлшат Айешеваның айтуынша, университет ғалымның халықаралық көрме жұмысына қатысуының негізгі мақсаттарының бірі –инновациялық жобаларымызды одан әрі коммерцияландыру үшін бизнес-серіктестер іздеу мақсатында байланыс орнату, сондай-ақ әлеуетті жеткізушілермен танысу.