Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Бизнес-жобалар көрмесі өтті

17.05.2024 382 көрілім
Бизнес-жобалар көрмесі өтті

Жәңгір хан университетінде өткен бизнес-жобалар көрмесіне 2023-2024 оқу жылының екінші семестрінде бизнес жобаларды қорғау нәтижелері бойынша үздік деп танылған 16 жұмыс ұсынылды.

Көрме жұмысына Зачаганск кенті әкімінің орынбасары Н.Мұхитов, «Kasip» консалтингтік орталығының басшысы, жеке кәсіпкер, бизнес-тренер, қаржы сарапшысы З.Кубеева,  «Зияткер» МЕҰ құрылтайшысы, «Жан жылуы» аналар үйінің негізін қалаушы, «Нұр» баспа үйінің амбассадоры Д.Қойбағарова сондай-ақ «Назель» ЖШC құрылтайшысы К. Қожамұратов, басқа да бизнес өкілдері қатысты.

Көрме жұмысына өздерінің инновациялық бизнес-жобаларын ұсынған студенттердің арасында Б.Азмуханбетов пен Ұ.Есенбаев («Эко кроссовка өндірісін автоматтандыру») 1-орынға қол жеткізді. Ал екінші орынға К.Берикбусинова мен А.Байдуллаеваның («Ешкі шаруашылығын ашу») жобасы лайық деп танылса, А.Абылай мен С.Жаубатырова («Жасымақты өсірудің технологиясы») үшінші орынға ие болды.