Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Білім додасында топ жарды

04.05.2022 214 көрілім
Білім додасында топ жарды

Жәңгір хан университетінің студенттері Алматыдан ақжолтай жаңалықпен оралды.

«Агротехнологиялық институттың» білім алушылары Алматы қаласында 28-29 сәуір күндері өткен  XIV республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орындарды иеленіп, университетіміз бен оқытушылардың мерейін үстеді.

Атап айтқанда, «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының 4-курс студенттері Алмагүл Тельжанова 2-орынға ие болса, Шұғыла Нұрадинова 3-орынға тұрақтады. «Топырақтану және агрохимия» мамандығының 4-курс студенті Салтанат Құрманбайқызы 2-орынды жеңіп алса, «Агрономия» мамандығында 3-курста оқитын Айзада Габсикова 3-орынды олжалады.

Топ жетекшісі – «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің аға оқытушысы Асхат Қажмұратұлы Бекқалиев.

Білім додасында жоғары нәтиже көрсеткен студенттерімізді құттықтаймыз!