Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

Балық өсіру технологиясымен таныстырды

18.10.2021 252 көрілім
Балық өсіру технологиясымен таныстырды

Бүгін Жәңгір хан университетінде «Тұйық сумен жабдықтау қондырғысында бекіре балықтарын және тоғандарда тұқы балықтарын өсіру технологиясы» тақырыбында семинар жұмысы өтті. Бұл шараны «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының  «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасының шеңберінде  университет жанындағы «AGROTECH HUB» білім тарату орталығы ұйымдастырды.

Семинар барысында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Марклен Шукуров, PhD докторы, биология ғылымдарының кандидаты Бекбол Сариев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Асылзада Габдуллина  лекция оқыды. Өз сөздерінде балықтардың түрлері мен биологиялық ерекшеліктері, далалық жағдайда уылдырықты инкубациялауды ұйымдастыру, бекіре балықтарының азығына қойылатын талаптар сияқты мәселелерге тоқталды.

Семинарға қатысушылар лекторларға туындаған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Күннің екінші жартысында семинардың тәжірибелік бөлімі «Акваөсіру өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС-да жалғасты. Ал, семинар соңында қатысушыларға семинардан өткендіктерін растайтын сертификат табысталды.