Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Алты ай Беларусь елінде ғылыми тағылымдамадан өтті

16.09.2024 651 көрілім
Алты ай Беларусь елінде ғылыми тағылымдамадан өтті

Жәңгір хан университетінің қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Төребек Байбатыров «Болашақ» халықаралық бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінде алты айлық ғылыми тағылымдамадан өтіп келді.

Төребек Әуелбайұлының ғылыми-зерттеу тақырыбы  «Құрама жем өндірісінің заманауи тиімді технологиясы» деп аталады, ал ғылыми жетекшісі – ауыл шаруашылығы және экономика ғылымдарының докторы, профессор Николай Степанович Яковчик.

Ғалым ғылыми тағылымдама барысында Беларусь еліндегі бірнеше зертханада, үлкен өндіріс орындарында және шаруашылықтарда болды. Сонымен қатар ғылыми-практикалық конференцияларға, инновациялық жұмыстар жәрмеңкесіне қатысты. Ғылыми мақалалары республикалық, халықаралық деңгейдегі жинақтарда жарияланды.

Төребек Әуелбайұлы алты ай ішінде ғылыми тағылымдасының нәтижелі өтуіне атсалысқан Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінің ұжымына және ғылыми жетекшісіне алғыс білдірді.