Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Ақтөбе сервис колледжімен байланыс орнады

30.05.2025 840 көрілім
Ақтөбе сервис колледжімен байланыс орнады

Жәңгір хан университетіне Ақтөбе облысына қарасты Ақтөбе сервис колледжінің директоры Айбек Кужаков жұмыс сапарымен келді.

Бұл сапардың мақсаты – Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу және тәжірибе алмасу. Сапар барысында колледж басшысы Айбек Бауыржанұлы батысқазақстандық жоғары оқу орнының бүгінгі тынысымен танысты. Сонымен қатар БҚАТУ мен Ақтөбе сервис колледжі арасында әріптестік байланыс орнату мақсатында меморандумға қол қойылды. Бұл іс-шараны Жәңгір хан университетінің «Студенттер контингентін қалыптастыру орталығы» ұйымдастырды.