Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01

Жаңалықтар

Акцияға қолдау көрсетті

29.08.2025 395 көрілім
Акцияға қолдау көрсетті

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясына Жәңгір хан университетінің ұжымы да үн қосуда.

Әлеуметтік санаттағы отбасылардың балаларына қолдау көрсету мақсатындағы дәстүрлі акция биыл іргелі оқу ордасында «Балаларға бірге көмек берейік!» деген ұранмен өткізілуде. Акция аясында БҚАТУ Зашаған кентінде орналасқан №20 және №30 ЖББ орта мектептердің 10 оқушысына оқу құралдарын табыс етті. Сонымен қатар Орал қаласы  мектептерінің аз қамтылған, көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына мектеп киімдеріне 5 сертификат берді.