Call-center
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
ҚАЗРУСENG
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Бүгін 2 әріптесіміздің туған күні
Қабылдау комиссиясыТалапкерлердің сұрақтарына жауап береміз
Қабылдау комиссиясының бетіБағдарламалар, шекті балдар, құжаттар WhatsApp арқылы жазуЖылдам жауап аласыз Қоңырау шалу+7 711 250 24 01
Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары

16.08.2023 149 көрілім
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары








Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен берілетін гранттарға өтініштер қабылдау жалғасуын хабарлайды. Өтініш қабылдау 20-шы тамызға дейін жүреді. Грантқа үміткер ретінде әлеуметтік статусы бойынша келесі категориялар қатыса алады:

— ауылдық жерлерден, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған азаматтар;

— жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

— мүгедектігі бар адамдар;

— мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан адамдар;

— 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

— 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар; — төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Толық ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы білуге болады:

Тел. (7112) 50-21-42, 50-24-01

WhatsApp +7 777 268 00 77, +7 701 689 59 79