Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
«Ветеринарлық клиникалық ғылымдар» жоғары мектебі бакалавр, магистрантура және докторантура бойынша дайындайды: 6В09100/7М09100/8D09100-«Ветеринария». Барлық оқу бағдарламалары аккредитациядан өтті. Жоғары мектеп ұжымы оқу процесіне енгізілген оқу-әдістемелік құралдарды әзірледі. Жыл сайын жоғарыда аталған мамандықтардың студенттері Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болады.
Ғылыми қызметті 3 ғылым докторлары, 7 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы және 5 магистрлер жүзеге асырады. Бағдарламалық мақсатты қаржыландыру және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік қорының ғылыми жобалары іске асырылды, өнертабыстарға патенттер алынды және өндіріске енгізілді. 160-тан астам ғылыми мақалалар мен 4 монография жарық көрді. «ЖәрдемВет» ветеринарлық оқу ғылыми өндірістік орталық және «BIOTECH» ғылыми өндірістік инновациялық орталығы құрылған, бұнда ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шаруашылықпен келісім шарттар жүргізіледі. Жоғары мектеп базасында ғылыми үйірмелер жұмыс істейді, онда студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.
СҒЗЖ нәтижелері ғылыми журналдарда және халықаралық конференция материалдарында жариялануда. Студенттер халықаралық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.