Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ құрылыс материалдары өндірісімен айналысатын облыстың құрылыс ұйымдары мен кәсіпорындарымен бірге белсенді жұмыс істейді.
Университеттің түлектер Қауымдастығының Президиумында ұсынылған идеяларды іске асыру шенберінде Басқарма төрағасы-ректордың және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Индустриалды-технологиялық институты ғалымдарының университет түлегі А.А.Рубцов басқаратын «Стекло-Сервис» ЖШС-не жұмыс сапары өтті.
Бұл кездесудің нәтижесі – «Стекло-Сервис» ЖШС-де әйнекті өндеу қалдықтарын (өнеркәсіптік қираған әйнек) және әйнекті шлифовкалау кезінде пайда болатын майда дисперсиялық әйнек ұнтағын оларды құрылыс материалдары технологиясында пайдалану арқылы кәдеге жарату жобасының іске асырылуы. Техникалық ғылымдарының докторы, профессор С.А.Монтаевтың жетекшілігімен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ базасында жылу оқшаулағыш материалдарды – көбікшыны және бетондық брусчатканы – тәжірибелі өнеркәсіптік шығару іске асырылады. Көбікшыны жылу оқшаулағыш материалдар сынып құрамына кіреді және бірегей қасиеттерге ие. Көбікшыны ғимараттар мен құрылыстарды жылу оқшаулағыштауға пайдалану олардың қуат тиімділігін 2 еке арттыруға мүмкіндік береді және абсолютті жанғышсыздығын және ұзаққа жарамдылығын қамтамасыз етеді. Майда дисперсиялық әйнек ұнтағын бетондық брусчатка өндірісінде пайдалану жоғары пайдалану қасиеттерге ие және цемент пен табиғи құмды 30-40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде дайын өнімнің өзіндік құны 15-20 пайызға төмендейді.


Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқу-өнідірістік орталығы (ОӨО) базасында алынған көбікшыны сынамалық үлгілері
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқу-өнідірістік орталығы (ОӨО) базасында алынған бетондық брусчатканың сынамалық үлгілері

