Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
| Курс тілі | Қазақ |
| Курс авторы | Габдуалиева Зарифа Гарифуллаевна, магистр, Тілдерді дамыту орталығының аға оқытушысы |
| Курс мақсаты | Сөз сөйлеу техникасын, сөздің энергетикасын, сөйлеу әдебін меңгеріп, дауыспен жұмыс жасау техникаларын үйрену |
| Күтілетін нәтиже | А (білім және түсіну) тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту; В (білім және түсінулерді қолдану) Дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру: — сөз сөйлеу жанры, сөйлеу әдебі мәселелеріне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу; — тіл тазалығы туралы белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сала) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беру; — күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау). С (пайымдауларды шығару (құрастыру)) Монолог түрінде: — көпшілік алдына шыққан кездегі сөйлеу шеберлігі мен қорқынышты жеңудің тәсілдерін өз көзқарасы бойынша сипаттау; -би-шешендердің ғибратты әңгімесін образды түрде айтып, сюжетін мазмұндау және дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіру; Жазбаша түрде: — қарапайым өзара байланысты мәтіндерді; — тұрақты тіркестерді; — тақырыптар мен тақырыпшалар аясындағы нақты жағдайларды немесе таныс заттар/объектілерді сипаттау; — белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу. Д (коммуникативті дағдылар) Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде: — мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы, қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; нандыру, байқампаздық таныту; көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайлылығын білдіру. — сұхбат кезінде әріптесінің әңгімесіне көңіл аудару; қызығушылық таныту. Е (оқу дағдылары) Оқылым дағдылары: — бейнесабақтағы қажетті мәліметті ала білу; — мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табу; — қызығушылық танытқан тақырыбы бойынша қарапайым мәтіндегі нақты ақпараттарды оқу және түсіну; — қарапайым тілде жазылған мақал-мәтелдердің мазмұнын түсіну |
| Формат | Курс 4 аптаға арналған, 3 кредит. Курс бойынша білім алушының апталық жүктемсі – 10-12 академиялық сағат. Апта сайынғы сабақтар қамтиды: — қысқа бейне дәрістерді қарау; — практикалық тапсырмаларды орындау Қорытынды бақылау |
| Бағдарлама | Модуль 1. Тіл мәдениеті және ұлттық мұрат Тақырып 1. Сөйлей білу – өнер. Тақырып 2. Сөйлеу мәдениеті, сөз әсерлігі. Тақырып 3. Сөз сөйлеу энергетикасы. Тақырып 4. Сөз дәлдігі. Тақырып 5. Сөз әдебі. Тақырып 6. Сөз жатықтығы. Модуль 2. Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері Тақырып 7. Бақытым да, байлығым да – денсаулық. Тақырып 8. Өнер алды – қызыл тіл. Тақырып 9. «Қазақтың киелі шаңырағы – киіз үй». Тақырып 10. Жақсы сөз – жарым ырыс. Қорытынды бақылау. «Әдемі сөйлеу – сәттілік негізі» тақырыбы бойынша эссе дайындау. |