Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Туған күніңізбен! Жылылық, денсаулық және жарқын сәттер тілейміз! 🌟
Университет тарихы, басшылығы, даму стратегиясы және жетістіктері.
Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу туралы барлық ақпарат.
Оқу үрдісі, академиялық ұтқырлық және студенттерге арналған қызметтер.
Институттар, факультет және ғылыми-білім беру орталықтары.
Ғылыми жобалар, журналдар, коммерцияландыру және халықаралық байланыстар.
Жастар бастамалары, рухани-адамгершілік тәрбие және салауатты өмір салты.
Практика, жұмысқа орналасу және түлектер қауымдастығы.
Эндаумент-қоры қызметінің мақсаты нысаналы капиталды қалыптастыру, білім, ғылым және әлеуметтік көмек (қолдау) саласында нысаналы капиталдан түсетін кірісті пайдалану болып табылады.
Эндаумент-қоры қызметінің бағыттары:
— нысаналы капиталды қалыптастыру, білім және ғылым, әлеуметтік көмек (қолдау) саласында нысаналы капиталдан түсетін кірісті пайдалану үшін ақша қаражатын тартуға бағытталған қызмет;
— ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтарды тартуға және тартылған қаражатты университеттің, сондай-ақ университет мүдделерінде өткізілетін қоғамдық игіліктерге қол жеткізуге бағытталған бағдарламаларды іске асыруға қолдау көрсету және жәрдем көрсету мақсатында білім және ғылым саласындағы қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге пайдалануға бағытталған қызмет;
— университет студенттеріне атаулы шәкіртақылар беру арқылы материалдық қолдауға мұқтаж аз қамтылған отбасылардан, жетім студенттерден, шығармашылықпен дарынды студенттерден оқуына жәрдемдесу және олардың оқуына байланысты немесе қоғамдық жұмыстарға, түрлі шығармашылық конкурстарға, спорттық жетістіктерге қатысқаны үшін өзге де көмек көрсету;
— экономиканы дамытудың перспективалы бағыттары бойынша жұмыс істейтін университеттің жас ғалымдарына материалдық көмек көрсету және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу кезінде көмек көрсету, сондай-ақ енгізілуі Қазақстан Республикасының дамуына елеулі пайда әкелетін өмірлік маңызы бар ғылыми тақырыптарды қаржыландыру;
— студенттердің әлеуметтік және білім алу қажеттіліктерін дамыту үшін университеттің тұрғын және тұрғын емес ғимараттарындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуды дамытуға жәрдемдесу.